Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Наурызнама» онкүндігінің үшінші күні – «Шаңырақ күні» Жамбыл жоғары медициналық колледждінде «Фармация», «Лабораториялық диагностика», «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Д.Уркимбаеваның, топ кураторлары мен студенттердің ұйымдастырумен өткізілді. Бұл күн елдегі жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік, еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға, отбасы құндылықтарын, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге арналған. Шаңырақ – береке мен бірліктің символы. Қазақ халқы үшін шаңырақтың биік, керегесінің кең болуы – берекелі өмірдің белгісі. Осы күні әрбір отбасы ата-бабадан қалған асыл мұраларды еске алып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз биік болсын!