«Емдеп аламыз» құрамасы «Qazaqstan CUP» лигасына жолдама алды

Бөлісу

 

2025 жылдың 27 наурызы мен 2 сәуірі аралығында елорда – Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойындарының «Ulttyq liga» 1/8 финалдық кезеңінде 30-ға жуық команда бақ сынады. Солардың қатарында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің намысын қорғаған «Емдеп аламыз» жайдарман құрамасы да өз өнерлерін ортаға салып, көрермен мен қазылардың ыстық ықыласына бөленіп қайтты.
Ойынға төрелік еткен әділ-қазылар алқасының құрамында Жайдарман әлемінің танымал тұлғалары: Есен Елеукен, Ақерке Искандерова, Рамазан Фаилов, Мөлдір Доспаева және Эльдар Жұмағалиев болды. Қазылар алқасының әділ шешімімен «Емдеп аламыз» құрамасы «Qazaqstan CUP» лигасына жолдама алып, тағы бір белесті бағындырды. Алдағы уақытта «Емдеп аламыз» құрамасына «Qazaqstan CUP» лигасы ойындарына сәттілік тілейміз!
«Емдеп аламыз» құрамасы жетістікке ұмтылу жолында қолдау көрсеткен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры, Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызына ерекше алғыс білдіреді. Жамиля Нұрғалиқызының қамқорлығы мен жігерлендірген сөзі әрбір қатысушыға күш-қуат, сенім сыйлады.
Сондай-ақ жайдары жүзбен қарсы алып, шексіз позитив пен рухани қуат сыйлаған Астана қаласына алғысымыз шексіз!
Рахмет, Астана! Жас қала – Бас қала!