2025 жылдың 4–5 сәуірде Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциямен қатар Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастыруымен колледждің симуляциялық орталығында операциялық мейіргерлерге арналған «Сынықтарды емдеудің заманауи принциптері. Травматология мен ортопедиядағы операциялық мейіргердің негізгі білімі мен дағдылары» тақырыбында Ресей травматологтары мен ортопедтерінің қатысуымен Мастер –класс жоғары деңгейде өтті.
«Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» КЕМ (ЕСА) ұйымдастыруымен «Қосымша және бейресми білім беруді (үздіксіз кәсіптік даму) институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау: Сарапшылардың (оқытушы, жұмыс беруші, студент) рөлі мен құзыреттері (3 сағат)» тақырыбында колледж базасында семинар өткізілді. Семинарда орталықтың бас директоры Сарсенбаева Сауле Сергазиевна баяндама жасап, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышбекова Ляззат Тураровна сарапшы Сертификатын иеленді.
Іс-шараны колледж директоры Жумахан Мукашович Молдакулов қорытындылап, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдірді.