30.04.2025 ж Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 4 және 2 курс студенттері арасында “Сенімді маман болудың жолдары” тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шара барысында кәсіби біліктілікті арттыру, жауапкершілік пен этиканы сақтау, үздіксіз даму және тәжірибені дұрыс қолдану жолдары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар пайдалы кеңестер алып, өз кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік алды. Жауапты: К. Сүйінбекұлы.


