12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай «Облыстың үздік мейіргері – 2025» атты кәсіби байқау Жамбыл жоғары медициналық колледж базасында 06.05.2025 ж. өтті.
Байқаудың басты мақсаты – мейіргер мамандығының кәсіби біліктілігі мен қоғамдағы мәртебесін көтеру, қызмет сапасын арттыру және халық денсаулығын нығайтуға үлес қосу.
Кәсіби додаға өңірдің әр аудандарынан 12 үміткер қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңде қатысушылар өзіндік таныстыру мен үй тапсырмаларын ұсынды. Екінші кезең – блиц-турнир «Мейіргер ісіне кешенді көзқарас: алғашқы медициналық көмектен клиникалық жағдайларға дейін» тақырыбында, үшінші кезеңде теориялық білімдер сарапқа салынды. Төртінші кезеңде қатысушылар симуляциялық құралдарды пайдалана отырып, клиникалық станцияларда практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқауды облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының м.а. Е.Т.Мусабаев құттықтау сөзімен бастап сайыскерлерге сәттілік тілей отыра мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесінде орнын ерекше атап өтті және осындай байқаулар білікті мамандардың беделін арттырып, салада сапалы қызмет көрсетуді дамытуға зор ықпал ететінің атады.