«Медбике – мерейлі мамандық»

Бөлісу

2025 жылдың 12 мамыр күні Жамбыл жоғары  медициналық колледжінде «Мейіргер ісі » бөлімінің студенттерімен Халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Медбике – мерейлі мамандық» тақырыбында мерекелік құттықтау іс-шарасы өтті.

Бұл іс-шара мейіргер ісі мамандығының қоғамдағы маңыздылығын айқындап, студенттердің кәсіби рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Мақсаты: 12 мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне орай колледждің орта буын медицина қызметкерлерінің еңбектерін құрметтеу. Мейірім мен жанашырлықты серік еткен мейіргерлерге ыстық ықылас пен шексіз алғыс айту.  Бұл күн- құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, шеберліктің асқан иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Жас пен кәріге көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың өмірге құлшынысын арттырып отырған мейіргерлерімізге арналады.

 

«Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі: Ескебекова З.С.

Топ кураторлары: Кудебаева Э.Ж. және Бахаева А.Д.