Мейірім – мейіргердің қолында, шипа – жүрегінде

Бөлісу

13.04.2025 ж, күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейірім – мейіргердің қолында, шипа – жүрегінде» тақырыбындағы мейіргер саласының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Мейіргер мамандығының қоғамдағы маңызын көрсету, олардың кәсіби біліктілігімен қатар, адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік қасиеттерінің де басты рөл атқаратынын ұғындыру. Жас ұрпақты мейірімділікке, қамқорлыққа, адамгершілкке тәрбиелеу. Медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарауға баулу. Кездесу қонақтары:
1. Кенжегулова Камшат Жамбылқызы, ЖШС «Аритмологиялық клиника», бас мейіргері.
2. Дембаева Зухра Махановна «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының» бас мейіргері.
Жауапты: Мұхамодиева Н.Е