«MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025»

Бөлісу

28.05.2025ж.  Жамбыл облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыруымен

«MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» облыстық  кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

Чемпионаттың мақсаты: еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби ұтқырлығын арттыру;

Чемпионат кезеңдері:

І-кезең. Таныстыру. Шығармашылық әлеуетті бағалау. «Жанға шипа, жүрекке жылу сыйлайтын мейіргер».

II- кезең. Тәжірибелік дағдыларды бағалау кезеңі .

«MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025»  облыстық чемпионаттың  «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша ситуациялық есептерді шешу, тапсырмаларды орындау.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау  басқармасы» МКК басшысының міндетін атқарушы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлының құттықтау сөзімен басталды.

Чемпионат  қонақтары:

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» МКК басшысының міндетін атқарушы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы.
  2. Жамбыл облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту» орталығының менеджері Зиятова Гүлжан Сайлаубайқызы.
  3. «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басқарма төрағасы Дастан Исламбек Дастанұлы.

Чемпионаттың әділ-қазылар алқасының төрайымы, бас сарапшы

«Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы»

ШЖҚ МКК бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасының мейіргер ісі жөніндегі үйлестірушісі

Бокушева Ляйля Туребаевна.

Әділ-қазылар мүшелері:

  1. Иманбаева Гульнара Кабылбековна – Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы соматика бөлімінің аға медбикесі.
  2. Көпжасарова Марфуға Қалдасбековна-  Жамбыл облыстық көпбейінді  ауруханасының бас медбикесі.
  3. Молдахметова Гульнара Нурмуханбетовна -Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас медбикесі.
  4. Аманбекова Мира Турекуловна – «№2 Қалалық емханасы» бас медбикесі.

БАҚ өкілдері: «Хабар 24» , «JAMBYL»  телеарнасы, «Денсаулық әлемі», «Ақ жол» және «Мұғалім жаршысы» газеті.

Қатысушылар:

«Мейіргер  ісі» мамандығы бойынша медициналық колледж студенттері арасында өткен «MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» облыстық чемпионатына «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі, «ALEM» кәсіби білім беру колледжі, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК студенттері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі женімпаздар анықталды:

І орын – Марат Адема Ерланқызы, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

ІІ орын –  Сатылған Аружан Даниярқызы, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

ІІІ орын – Абдирахман Назерке Махатқызы, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі

Номинация иегерлері:

1.«Шебер мейіргер» – Рыскельды Жәнел Айболқызы, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі

2.«Үздік күтім мейіргері» – Турганбай  Ақмаржан  Мауленбекқызы, «ALEM» кәсіби білім беру колледжі

«MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының женімпазы Марат Адема Ерланқызы 2025 жылдың қыркүйек, қазан айында Талдықорған қаласында, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Құттықтаймыз!