«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деп Абай атамыз айтқандай, кітап – әрбір адамның рухани азығы. Қазіргі таңда республика көлемінде қолға алынған осынау маңызды, игі істі Жамбыл жоғары медициналық колледжі барынша қолдап, жас ұрпақтың білімді, жан-жақты дамуы үшін үнемі әр түрлі кітап оқу байқауларын, буккроссинг, ашық есік күні акцияларын, кітап жәрмеңкелерін, әдеби қонақ үй, әдеби кейс, интеллектуалды ойындар, библио жарыстар, кітап көрмелерін, т.б. ұйымдастырып отырады.
03.06.2025ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 1 курс студенттері арасында «Үздік оқырман – 2025» қорытынды байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 6 номинация және алғыс хаттар берілді. Атап айтсақ,
- «Әдебиет жанашыры» – 101 топ Ерғара Інжу
- «Зерттеу шебері» – 102 топ Әлдибек Інкәр
- «Болашақ классик» – 103 топ Аширхан Аяжан
- «Кітап әлемінің білгірі» – 108 топ Жұмахан Аяна
- «Ой-өріс кеңейтуші» – 107 топ Ерболсын Алуа
- «Қиял кемесі капитаны» – 106 топ Цой Милана
Студенттік кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар таратылды. Болашақта кітап оқитын оқырмандарымыз көп болсын!
Ұйымдастырушылар: кітапханашылар.