11.06.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №2Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК мүшелерінің ұйымдастыруымен «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылық бағытында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Саулық сақшысы – дәрігер» тақырыбында ашық іс -шара өткізілді.
Құндылығы: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілігі: инновациялық ойлау
- елдің, қоғамның дамуы үшін өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелері мен үлесін бағалау;
- қазіргі қоғамдағы еңбектің әлеуметтік-экономикалық және саяси маңыздылығын түсіну;
- еңбек әрекетінің ерекшелігін түсіну, еңбек қатынастарын реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі дамытудың маңызын түсіну;
- жеке өмірлік жоспарларды, қажеттіліктерді ескере отырып, одан әрі білім алуға және кәсіби қызмет нұсқаларын саналы түрде таңдауға дайын болу.