12.06.2025 ж. Медицина қызметкерлері күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бірқатар қызметкерлері марапатталды: ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Тілеген Бейсекүл Сапықызы, Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісімен» кәсіптік пәндер оқытушысы Алтынбекова Жанна Ратбековна, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және өңірдің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мейрманова Ляззат Касеналиевна марапатталды. Құттықтаймыз!