Түлектерге дипломдар табысталды!

Бөлісу

4.07.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Фармация» және «Зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша 87-ші түлектерін ұядан ұшырды. Түлектерді құттықтауға Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Назарбек Сержан Сарсенбекұлы, «СЕНІМ» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асановна және Денсаулық сақтау ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Жамбыл жоғары медициналық колледжін 30 жылдан аса басқарған ардагер ұстаз Қоңырова Самиха Қоңырқызы келді. Қонақтар бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, «Оқу озаты», «Колледж мақтанышы» медальдарын және белсенді студенттер мен ата-аналарға алғыс хаттар мен дипломдар тапсырды.
Жас түлек!!!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы медицина мамандарын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Еліміздің денсаулық саласын дамытуға өз үлесін қосуға асыққан қаншама білікті, дарынды жас түлектер дайындалды. Олар – халқымыздың амандығы мен ұлт саулығы жолында аянбай еңбек ететін, әр науқасқа үміт, әр жанұяға қуаныш сыйлайтын ақ халатты абзал жандар. Ұстаздарынан алған білім мен тәжірибені, жүрек қалауымен таңдаған мамандықтың қасиетін бағалап, еліміздің медициналық әлеуетін одан әрі арттыру жолында табандылықпен еңбек ететініне сенім мол!