✅ Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жаңа оқу жылының басында студенттердің психологиялық ахуалын жақсарту, бейімделу үдерісін жеңілдету мақсатында психологиялық қызметтің жұмысын таныстыру бағытында іс-шара өткізілді.
Педагог-психологтар оқу орнына жаңа қабылданған студенттермен тығыз байланыс орнату үшін рейдтік іс-шаралар мен тексеру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында студенттерге колледждегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары, яғни:
жеке және топтық кеңес беру,
тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру,
өзін-өзі тануға, эмоцияны басқаруға көмектесу,
тұлғалық дамуға қолдау көрсету жұмыстары түсіндірілді.
Сонымен қатар, педагог-психологтар оқу үрдісінде кездесуі мүмкін қиындықтар мен оны шешу жолдары туралы ақпарат беріп, студенттермен ашық әңгіме жүргізді.
✨ Мұндай іс-шаралар студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуіне, өзін сенімді сезінуіне, сондай-ақ педагог-психологтармен тығыз қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді. Жауапты: Колледж психологтары