2025 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 15:00-де «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Қыз қылығымен» тақырыбында қыздарға арналған психологиялық тренинг өтті.
Бұл тренингтің мақсаты – нәзік жандылардың бойындағы өзіндік құндылықтарын танып, сұлулық пен сымбаттылықтың, әдеп пен әдеміліктің үйлесімін сезінуге бағыттау.
Қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар арқылы өздерін тереңірек танып, ішкі сенімдерін арттырып, жаңа ортада ой-пікірлерімен бөлісті. Тренинг қыздарға шабыт сыйлап, олардың бойындағы табиғи нәзіктік пен тәрбиелі мінездің маңызын айқындай түсті.
Жауапты: Мираева А.Б