Қарттар күні мерекесіне арналған кездесу
Қарттар күніне орай 139 ҚБ тобының студенттері оқытушылар Нышанова Б.А. мен Момбекова Г.А. жетекшілігімен «Әлеуметтік арнаулы қызметтер ұсыну» КММ-де болып, ардақты қарттарды мерекелерімен құттықтады.
Студенттер қарияларға ыстық ықыластарын білдіріп, әңгімелесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қариялар жастарға ақ баталарын беріп, ризашылықтарын жеткізді.
Іс-шара аға буынды құрметтеу мен жас ұрпақтың бойына ізгілік пен мейірім құндылықтарын дарытуды көздеді.