Республикалық чемпионат халықаралық қатысумен «MedskillsZhetysu – 2025»

Бөлісу

8-9 қазан 2025 жылы Талдықорған қаласында «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «MedskillsZhetysu – 2025» халықаралық қатысуымен Республикалық чемпионаты өтті. Талдықорған жоғары медициналық колледжінде Қазақстанның 18 өңірінен үздіктер бас қосып, бақ сынады. Бұл чемпионатта – білім мен біліктіліктің, шапшаңдық пен тәжірибенің тартысы болды, әр қатысушы өз кәсіби дағдыларын шынайы жағдайда көрсетті. Жамбыл жоғары медициналық колледжінен 405 топ студенті Марат Әдемі қатысып, чемпионатта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсетіп, бірінші вице-министр  Т. Сұлтанғазиевтың II дәрежелі  дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Жетекшілері: Ж.А. Тоқташева, Ұ.Б. Тулегенова.