25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» бөлімінің ұйымдастыруымен 19 қазан күні 2007-2010 жылы туылған жасөпірімдер арасында спорттық іс-шаралардың аудандық жарысы өтті. Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттер командасы жүлделі I орын иеленді, жетекшісі Бейшенов Сағи Сабырұлы «Үздік төреші» дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!

