«Балауса» қыздар клубының жоспарына сай 2025 жылдың 23 қазан күні «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» тақырыбында қыздар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — қыздардың психикалық және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, адамгершілік пен отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ өз болашағына және ұлт болашағына жауапкершілікпен қарау сезімін дамыту болды.
Түсіндірме жұмыстарының спикерлері: жастар денсаулық орталығының гинекологы А.Б.Рустембекова, жастар денсаулық орталығының психологы А.Т.Жаркимбекова, колледждің педагог-психологтары А.Н.Оскенбаева, А.Б.Мираева.
Ұйымдастырушы: А.Н.Оскенбаева.

