25 қазан –Республика күні «Қазақстан Республикасы күні – Тәуелсіздік пен халық бірлігінің нышаны!»

Бөлісу

2025 жылдың 24 қазан күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «25 қазан – Республика күніне» орай «Емдеу ісі» бөлімінің 224ЛФ-9/24 топ студенттерімен «Қазақстан Республикасы күні – Тәуелсіздік пен халық бірлігінің нышаны!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Мемлекеттік Әнұран шырқалып, колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна мерекемен құттықтап, осы күннің тарихи маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер Республика күні туралы деректермен танысты. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу жолындағы тарихи оқиғалар талқыланды. Қатысушылар еліміздің рәміздерін құрметтеудің маңызы мен мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау жолында әр азаматтың парызы бар екенін ұғынды.