#адалазамат
2025 жылдың 30 – шы қазан күні психологиялық қызметтің жоспарына сай «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты: жастардың қауіпсіз орта қалыптастырудағы рөлін көрсету, өз ортасында жауапкершілікпен өзара сыйластық сезімін арттыру.
Тренинг барысында «Қауіпсіздік дегеніміз не?», «Қауіптің түрлері және алдын алу», «Менің қауіпсіз болашағым» атты бөлімдер бойынша пікір алмасу, топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар өткізілді.
Тренингте студенттер белсенділік танытып, қауіпсіздік ережелерін ұсынды және болашаққа арналған тілектермен бөлісті.
 
