31.10.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Жамбыл облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2025-2026 оқу жылына арналған жоспарына сай қазан айының 5 аптасында «Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің зияны» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатқа 110 СД-9/25 топ студенттері қатысты. Топ кураторы К. Сүйінбекұлы кураторлық сағатқа медициналық пункт фельдшері А.Р.Мусаеваны шақырып, тақырыптық презентация мен бейнероликтер көрсетті, тақырыпты толық және жан жақты түсіндірді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырып төңірегінде жақсы ұсыныс пікірлер айтылды.
#ППЖ # Комплексноеобразование #кешендіоқыту #ЮНПФА


