«JuniorSkills Jambуl-2025»

Бөлісу

5.11.2025ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерей тойы аясында «Жамбыл  облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы»  мен бірлесе отырып  «JuniorSkills Jambyl -2025» облыстық чемпионаты өткізілді. Жауапты  «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК оқытушылары. Чемпионат жастарды қолдау, жаратылыстану ғылымы мен медицинаны насихаттау, қолдану аясын кеңейту, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту, медицинаға деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру мақсатында 14-15 жастағы оқушылар арасында «JuniorSkills Jambуl-2025» облыстық чемпионаты «Химия-биология білімпаздары» құзыреттілігі бойынша өтті.

Worldskills – дағдылардың құндылығын көрсетеді және білікті мамандардың бүкіл әлемде танылуын арттырады. Бұл қозғалыстың мақсаты – кәсіптік білім беруді дамыту және мамандық мәртебесін көтеру.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде

Конкурстық тапсырма төрт кезеңнен тұрады, олар химия және биология салаларында жүргізілді:

* 1. Тест;

* 2. Сандық және сапалық есептер шығару

* 3. Блиц-турнир

* 4. Үй тапсырмасы: «Қазіргі таңда жастар арасында жиі қолданатын тағамдардың ағзаға тигізетін кері әсері» қорғау

Облыстық чемпионат сарапшылары:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы – Сапарғали Айбар Мэлсұлы
  2. Жамбыл жоғары медициналық колледжі директордың оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – Андакулова Құралай Тлеулесовна
  3. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Химия» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Мажибаев Асылжан Кенжекереевич
  4. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті биология кафедрасынының аға оқытушысы, биология ғылымдарының магистрі – Султанаев Ердос Бахытұлы
  5. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Джампеисова Назаркуль Елеукеновна

 «JuniorSkills Jambуl-2024» облыстық чемпионат жеңімпаздары:

І орын – Қыдырбек Ұлдана Арманқызы   Меркі ауданы, Ақарал орта мектебі

ІІ орын – 2 орын Касен Нұра Дәуренқызы  Шу ауданы  ,С.Сейфуллин орта мектебі

ІІІ орын – Шарипбай Аксезім Ерланқызы Байзақ ауданы Н. Киікбаев атындағы мектеп – гимназия

ІІІ орын – Түлжан Мағжан Русланұлы   Тараз қ.  N 62 орта мектеп    оқушысы

Сертификат иегерлері:

  1. Қалижан Фируза Қалижанқызы
  2. Амонжол Аяна Жулайқызы
  3. Мухтар Айсана Бақытжанқызы
  4. Қуанышбек Інжу Жандоскызы
  5. Жұмасіл Айзере Ғазизқызы
  6. Сейлбекова Аружан Төрәліқызы

Барлық қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.