«Жат діни ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында кездесу

Бөлісу

12.11.2025 күні «Бірлік және ынтымақ» құндылық бағытында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Жат діни ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: студенттерге деструктивті діни ағымдардың зиянын түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Іс шараның қонағы: Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты дін проблемаларын зерттеу орталығының теологы Рахымжанұлы Нұрдос.
Кездесу барысында Нұрдос Рахымжанұлы деструктивті діни ағымдардың басты белгілері мен қоғамға кері әсеріне толығымен тоқталып өтіп, тақырыптық презентация арқылы толық және жан жақты айтып өтті.
Жауапты: Діни сауаттылықты дамыту кеңесінің жетекшісі Даулетбекова А.Б.