Тәрбие сағаты  «Алаштың ардақтысы – Міржақып Дулатұлы»

Бөлісу

2025 жылдың 13 қараша күні «Алаштың ардақтысы – Міржақып Дулатұлы» тақырыбында “Емдеу ісі” мамандығы, 415ЕФ-9/22 топ студенттерімен тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, оның ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрескерлік қызметінің мәні түсіндірілді. «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» сияқты шығармалары арқылы ұлттық сана, патриотизм, рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал жасалды.

Мұндай іс-шаралар студенттер бойында ұлттық сананың жоғарылауы, елжандылық, рухани-адамгершілік құндылықтарының нығая түсуіне оң әсерін береді және ұлт зиялыларын ұлықтаудың тура жолы.

Топ кураторы: Рахметлдаева А.Т.