«Өзіңді күт – әр күніңді бағала» тақырыбында дәріс

Бөлісу

14.11.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледждінде «Өзіңді күт – әр күніңді бағала» атты студенттерге арналған дәріс өткізілді. Дәрісте студенттер үшін өз-өзіне күтім жасау, эмоционалды ресурсты сақтау және күнделікті өмірдегі стресс деңгейін басқару туралы пайдалы кеңестер ұсынылды.
Дәрісте қатысушылар өз денсаулығына жан-жақты күтім жасаудың маңызын түсінді; психологиялық күйді тұрақтандыру әдістерімен танысты; өмір сапасын арттыруға көмектесетін күнделікті қарапайым әдеттерді меңгерді.
Өзіңді күту — сән емес, қажеттілік. Өз құндылығыңды сезіну — жарқын күндердің бастауы. Әр күніңіз мағыналы, тыныш, күтімге толы болсын

Жауапты: психолог К.Сүйінбекұлы

#ППЖ #Комплексноеобразование #кешендіоқыту #ЮНПФА #АдалАзамат