Дөңгелек үстел «Мейірімі мол жандар!»

Бөлісу

#АдалАзамат #қараша

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2025 жылдың 13 қараша күні «Мейірімі мол жандар!» атты қамқоршы-қорғаншылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Іс-шара барысында тәрбие ісінің меңгерушісі Айдабосынова Жамиля Несипбековна сөз алып, қамқоршы-қорғаншылардың және олардың балалар арасындағы дұрыс қарым-қатынас өзара сенімге, сыйластыққа және тұрақты қолдауға негізделіп, оның тұлғалық дамуына оң әсерін тигізу керектігін жеткізді. Сонымен қатар, колледж психологі Кәрім Сүйінбекұлы тренинг арқылы бала тәрбиесіндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар жүргізіп, қатысушылардың пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде әлеуметтік педагог тақырыптық презентация негізінде бейнеролик көрсетіп, қамқоршы-қорғаншылардың алған әсерлерімен бөлісуін сұрады.  Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп,  шақырту алғандарына қуанышты екенін жеткізіп, колледжбен тығыз байланыста болатындарын айтып, өз алғыстарын жеткізді.

Жауапты: әлеуметтік педагог А.Буксукбаева