14 қараша 2025 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 320-топ студенттерімен «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша оқытушы Бешли Оғлы Хусеин Биналиевич ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу мүшелері аурулары бар науқастарды тексеру әдістері».
Студенттер тыныс алу жүйесі бұзылыстарының клиникалық белгілерімен танысып, негізгі зерттеу тәсілдерін — қарау, пальпация, перкуссия және аускультация әдістерін, сондай-ақ зертханалық және аспаптық диагностикалық әдістерді қарастырды.
Сабақтың мақсаты — тыныс алу жүйесі аурулары бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері жөнінде білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, әрбір әдістің диагностикалық маңызын түсіндіру.

