#АдалАзамат
28.11.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерей тойы аясында география пәнінен «География және медицина: Табиғат пен тән үндестігі» атты қалалық медициналық колледж студенттерінің арасында интеллектуалдық ойын өткізілді. Мақсаты: студенттердің география және медицина пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, география мен медицинаның байланысын ұйымдастыру, экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсерін зерттеу, логикалық ойлау мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қатысушылар:
- «Тараз-Болашақ жоғары медициналық колледжі» ЖШС
- Тараз мамандандырылған колледжі
- «Alem» кәсіби білім беру колледжі
- «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК.
Әділ-қазы алқасының мүшелері:
- Джармухамедова Дана Байсериковна М.Х.Дулати атындағы Тараз Университеті, жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
- Бескемпірова Әйгерім Мұратқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз Университеті, филология және гуманитарлық ғылымдары факультетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
- Назар Динара Қыстаубаевна Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Анатомия және физиология» пәнінің оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі. Интеллектуалдық ойын жүлдегерлері:
1 орын – «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК
2 орын – «Тараз Болашақ жоғары медициналық колледжі» ЖШС
3 орын – Тараз мамандандырылған колледжі
3 орын – «ALEM» Кәсіби білім беру колледжі
Жеңімпаз атанған топтар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: география пәнінің оқытушысы Даулетбекова Айгүл Боранбекқызы және №1 әлеуметтік-экономикалық жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушылары.

