Алматыда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Мейірбике ісі» бойынша маңызды халықаралық диалог өтті. Колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна Әзірбайжан Республикасынан келген делегацияның сапары аясында «Мейірбике ісі бойынша білім берудің жағдайы мен болашағы: Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысып, Сертификатпен марапатталды. Әзірбайжан делегациясы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Тараптар медбикелерді оқыту бойынша тәжірибе алмасты, кәсіби құзыреттерді дамытудың заманауи тәсілдерін талқылады, академиялық ынтымақтастықты нығайтты. Халықаралық кездесу тың идеялардың, бірлескен ғылыми бастамалардың, академиялық ұтқырлықтың, екі ел арасындағы медициналық оқу орындары арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың бастауы болмақ.

