Маманмен кездесу. Тақырыбы: «Өзіңді бағала, өміріңді таңда!»

Бөлісу

02.12.2025 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 1 желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Өзіңді бағала, өміріңді таңда!» тақырыбында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог Досымова Индира Мумарханқызымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: 1 желтоқсан-Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне орай, ЖИТС ауруларының таралу жолдары және оның алдын алу мен күресу тәсілдерін айта отырып, студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, медициналық білімдерін шыңдау арқылы салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Жауапты: №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК мүшелері.