Облыстық интеллектуалдық ойыны «Ұлт руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбаев»

Бөлісу

2025 жылғы 4 желтоқсанда Жамбыл жоғары медициналық колледждің 90 жылдық мерейтойы аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына «Ұлт руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбаев» облыстық интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Интеллектуалды ойынның мақсаты: ұлы ойшыл, қазақ халқының кемеңгер перзенті Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын терең танытустуденттердің әдебиетке, тілге, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық белсенділігін дамыту; үштілділік саясатын қолдау арқылы білім мен мәдениет алмасуын кеңейту, Абай шығармалары арқылы адам бойындағы ізгі қасиеттерді – еңбекқорлықты, адалдықты, білімге құштарлықты дәріптеу.

Интеллектуалды ойынға облыстың 8 колледжінің студенттері қатысып, шара үш тілде өтті.

  1. Тараз «Парасат» жоғары колледжі «Hakim Hackers» тобы
  2. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Алғырлар» тобы
  3. Тараз сервис және технология колледжі «Абай жолы» тобы
  4. Қордай ауылшаруашылық колледжі «Өлең өрнегі» тобы
  5. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Хакім үнімен үндескендер» тобы
  1. Астана көпсалалы колледжі «Абай Mind»
  2. Жамбыл инновациялық жоғары колледжі «men jastarga senemin» «MJS»
  3. №3 Байзақ колледжі «Қара сөз қырандары» тобы

Ойын қорытындысы бойынша:

І дәрежелі диплом: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Хакім үнімен үндескендер» тобы

ІІ дәрежелі диплом: Жамбыл инновациялық жоғары колледжі

«men jastarga senemin»  «MJS»

ІІІ дәрежелі диплом: Тараз «Парасат» жоғары колледжі «Hakim Hackers» тобы

ІІІ дәрежелі диплом: Астана көпсалалы колледжі «Абай Mind»

Әділ – қазы алқасының мүшелері:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» әдіскері Г.Ж. Нишанова
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» аға әдіскері А.Н.Асхатова
  3. Д.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің орыс тілі маманы аға оқытушы, магистр Ж.С. Букенова.

Қалған топтар сертификатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауапты оқытушылар: Бердалиева Э.Б., Тойланбаева К.А., Абдалимова З.И.