Психологиялық тренинг «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді»

Бөлісу

08.01.2026 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттермен «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар өздерінің ішкі өзгерістерін жасау арқылы сыртқы әлемде де өзгерістерге қол жеткізуге қалай мүмкіндік жасайтынын түсіндіреді.
Тренингтің мақсаты: қатысушылардың өзін-өзі тануын дамыту, жеке көзқарасын өзгерту арқылы өмірге, адамдарға және қоршаған ортаға деген оң қатынас қалыптастыру, ішкі әлемін ашуға және жеке даму жолында жауапкершілік алуға ықпал ету. Тренинг барысында студенттер өзара еркін пікір алмасу арқылы  күшті жақтарын танып, бір-біріне демеу көрсетті. Орындалған жаттығулар эмоциялық тұрақтылықты қалыптастырып, өзін-өзі бағалау мен болашаққа сенімділікті нығайтты.

#АдалАзамат