Колледж инспекторының  рейд өткізуі.

Бөлісу

2026 жылдың 8-ші қаңтар күні, колледж инспекторы полиция лейтенанты Шәміл Ергелді Нұрланұлының қатысуымен рейд жүргізілді. Рейд барысында, жатақхананың бөлмелері тексерілді. Сондай-ақ жатақхананың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес белгіленген уақыттан кейін студенттердің сыртта жүрмеуіне, кешкі және түнгі уақытта рұқсатсыз кіріп-шығуына, денсаулыққа зиян келтіретін заттар: темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді, электронды темекі (вейп) заттардың болмауын тексеру, ереже бұзылған жағдайда тиісті акт толтыру және ескерту беру, каникул кезінде жатақхана бөлмелерін тапсыру тәртібін тексеру, электр құралдарының ажыратылуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, санитарлы-гигиеналық талаптардың сақталуы туралы түсіндірілді. Түсіндірме жұмыстары тәрбие бөлімі тарапынан жүргізілді.

#АдалАзамат