Видеоматериалдар байқауы «Менің колледжім – менің мақтанышым»

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығына орай бөлімаралық 1,2 курс студенттері арасында Жасанды интеллект форматын қолданып, «Менің колледжім – менің мақтанышым» тақырыбында видеоматериалдар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Студенттердің шығармашылық қаблеттерін дамыту, колледж құндылықтары мен тарихына құрметін арттыру, сондай-ақ жасанды интелект технологияларын сапалы әрі тиімді қолдануға үйрету. Байқауға 9 видеоматериал келіп түсті. Әрбір жұмыс колледж өмірінің түрлі қырларын – колледж тарихын, білім беру процесін, студенттік іс-шараларды, спорттық жарыс сияқты көптеген салаларды қамтыды. Байқау жеңімпаздары: І дәрежелі Дипломмен 101М-9/25, ІІ дәрежелі Дипломмен 219ЕФ-9/25, ІІІ дәрежелі Дипломдармен 110СД-9/25, 207М-9/24, 217ЕФ-9/24 топтар марапатталды. Сертификат иегерлері: 140ПБ-11/25, 229СД-9/25, 127ЛФ-9/25, 108М-9/25 топтар. Жауапты: №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК оқытушылары.

#АдалАзамат