13.01.2026 күні колледждегі діни сауаттылықты дамыту кеңесінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және ғаламтор: жастарға әсері мен алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру бөлімінің инспекторы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы қатысып, өз саласы бойынша ой бөлісті. 102 топ студенті Өтеген Еркежан «Діни экстремизм және ғаламтор» тақырыбында баяндама оқып, діни экстремизм ұғымына, пайда болу себептеріне, ғаламтордың діни экстремизмге әсері туралы айтып өтті. Колледж студенттері жағдаяттарға талдау жасап, Бахтияр Қаржаубайұлына сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.
Жауапты: Діни сауаттылықты дамыту кеңесінің жетекшісі Даулетбекова А.Б.

