«Сергек өмір – бақытты өмір. Сен оған лайықсың!» 19.02.2026 ж. колледжіміздің мәжіліс залында 1–2 курс студенттері (119, 130, 106 топтар) арасында психобелсенді заттардың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шара барысында: «Психобелсенді заттар деген не?» тақырыбында баяндама оқылды; Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері Абдыкалыкова Айгуль Алмахановна жастармен ашық сұхбат жүргізіп, нақты өмірлік мысалдармен бөлісті; «Есірткіге жол жоқ!» атты әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, студенттер өз пікірлерін ортаға салды; «Жоқ деп айта аласың ба?» атты интерактивті бөлімде білім алушылар жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз ұстанымдарын білдірді. Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Ең маңыздысы — әр жас «жоқ» деп айта білу әлсіздік емес, бұл – өз болашағын қорғау екенін түсінді.
Жауапты: №1 әлеуметтік-экономикалық жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері
ЦӘК оқытушылары: Даулетбекова А.Б., Есенбаева Р.А.

