2026 жылдың 20 ақпанында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 1-курс студенттері арасында «Сен және Заң» тақырыбында дебат өтті. Қатысушылар екі топқа бөлініп, қоғамдағы тәртіп пен адам құқықтары туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттер заңды бұзудың салдарын, қоғамда кездесетін келеңсіздіктерді мысал ретінде келтірді. Пікірталас тартысты өтіп, әрбір команда өз позициясын нақты фактілермен және заңнамалық нормалармен негіздеп, қарсыластарының сұрақтарына дәлелді жауап бере білді. Колледжіміздің барлық студенттері мен еліміздің азаматтарын заңды сыйлап, қастерлеуге шақырамыз!!!

