02.03.2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде дәрігер-фтизиатр Тиленшиева Г.Р. және медициналық пункттің фельдшері Сейдалиева Н.Д. қатысуымен «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз!» тақырыбында 109 СД-9/25, 121 ЛФ-9/25, 122 ЛФ-9/25 топ студенттеріне ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Іс-шара барысында туберкулез ауруының алдын алу, ерте анықтау, жұғу жолдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Осындай профилактикалық кездесулер жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және жұқпалы аурулардың алдын алуға ықпал етеді.




