03.03.2026ж. «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Қыз Жібегі» атты танымдық-музыкалық әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты: «Қыз Жібек» жыры арқылы жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау, махаббат, адалдық, ерлік пен парасатты дәріптеу және мерейтой иесінің шығармашылық жолын таныстыру болды. Кеш соңында орталық директоры Эльмира Мырза-Ғали қорытынды сөз сөйлеп, қыздар клубтарының жетекшілері мен төрайымдарын марапттап, жастар тәрбиесіне, соның ішінде қыз балалардың бойына ұлттық құндылықтарды, инабаттылық пен парасаттылықты дарыту жолында атқарып жүрген еңбегі үшін, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Балауса» қыздар клубының жетекшісі А.Н.Оскенбаева Алғыс хатпен марапатталса, клуб төрайымы, 219ЕФ-9/24 топ «Емдеу ісі» бөлімінің студенті Нұрмахамбет Мерейлім Тілек хатпен марапатталды.
#ППЖ 


