Кездесу кеші «Еңбегі жанған арулар»

Бөлісу

04.03.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Алғыс айту мерекесіне арналған «Еңбегі жанған арулар» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге ардагер- ұстаз, білім мен тәрбиенің шамшырағы болған Конырова Самиха Коныровна арнайы шақырылып, колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна мен директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышбекова Ляззат Тураровна қатысты.
Кеш барысында Конырова Самиха Коныровна өзінің өмір жолымен еңбек тәжірибесі туралы тағылымды әңгіме айтып, жастарға ақыл-кеңестерін беріп, әсер қалдырды. Студенттер тарапынан жүрекжарды арнаулар, сырлы өлеңдер оқылды, олардың қойған сұрақтарына шынайы жауаптар беріліп, мазмұнды сұхбат болды. Кештің музыкалық бөлімінде, «Фармация» бөлімінің оқытушылары Жұмабек Диас пен Әділ Айдананың орындауында әсем ән, арнайы шақыртумен келген танымал “Тұмар” тобының әншісі Алтынбеков Айсұлтан Талғатбекұлы жақсы көңіл күй сыйлады. Кеш соңында “Фармация” бөлімінің оқытушылары тамаша әнді хормен айтып, тағылымы мол кездесуді көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.

Жауапты: «Фармация», «Лабораториялық диагностика» бөлімі

Бейнежазба