2026 жылдың 5 наурызында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 221ЕФ-9/24 және 224ЛФ-9/24 топтарының студенттерімен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара 221ЕФ-9/24 тобының кураторы Айманбетова Нұрай Алтынбекқызы және 224ЛФ-9/24 тобының кураторы Батанова Ақерке Ерланқызының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттың мақсаты – әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы маңызды орнын түсіндіру, аналарға, қыз-келіншектерге деген құрмет сезімін арттыру, студенттерді адамгершілікке, ізгілікке және сыйластыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында 8 наурыз мерекесінің тарихы мен маңызы туралы айтылып, әйел адамның отбасыдағы, қоғамдағы және медицина саласындағы рөлі туралы әңгіме жүргізілді. Студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін айтып, аналары мен ұстаздары туралы жылы лебіздерін білдірді. Кураторлық сағат өте жылы әрі достық атмосферада өтті. Студенттер белсенді қатысып, тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында барлық қыздар мен әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға бақыт, денсаулық және табыс тіледі.


