16 наурыз-Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлер күні

Бөлісу

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Наурызнама» онкүндігінің үшінші күні «16 наурыз-Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлер күні» мерекесі! Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. Осы мақсатта Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мәдениет пен ұлттық салт дәстүрлер күні» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі З.С.Ескебекова және топ кураторлары мен студенттерінің ұйымдастыруымен тұсау кесу рәсімі өтті. Тұсау кесу — сәби еңбектеп жүріп, алғаш қадам жасай бастағанда өткізілетін дәстүр. Баланың аяғына жіп байлап, оны қадірлі, сыйлы адамға кестіріп, баланың өмір жолы ашық, жеңіл, сүрінбей өтсін деген ниет білдіріледі. Тұсау кесу — тек рәсім емес, ол баланың болашағына бағытталған терең мағыналы ұлттық тәрбие. Бұл дәстүр арқылы қазақ халқы балаға кішкентайынан-ақ дұрыс жол, адал өмір сүру қағидаларын сіңіреді.