20 Наурыз – Ұлттық спорт күні

Бөлісу

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Мейіргер ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен 20 Наурыз – Ұлттық спорт күні өткізілді. Биыл ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келді. Ұлттық ойын күні – ата-бабамыздан мирас болып қалған асыл құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық рухты көтеру мақсатында өткізілетін ерекше мереке. Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, рухани байлығы. Олар тек ойын-сауық құралы ғана емес, сонымен қатар ұрпақты ептілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелейтін маңызды құрал. Бұл күні «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс», «Қазақша күрес», «Бәйге» сияқты ұлттық ойындар ойнатылды, колледж студенттері өз өнерлерін көрсетті. Әр ойын – халқымыздың өмір салты мен дүниетанымының айқын көрінісі. Ұлттық ойындар арқылы біз өткенімізді дәріптеп қана қоймай, болашағымызды нықтаймыз. Себебі ұлттық құндылықтарды құрметтеген ұрпақ – елдің тірегі.
Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосайық!
#Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы

Ұлттық спорт