26.03.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында тәрбие бөлімі, наркобекет жетекшісі А.Т. Кобегенованың ұйымдастыруымен, 117ЕФ-9/25, 103М-9/25, 109СД-9/25 топ студенттеріне «Нашақорлық» тақырыбында қысқаша кино көрсетілді. Мақсаты: студенттерге психоактивті заттардың адам денсаулығына, психикасына, болашағына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация беру, саналы таңдау жасауға бағыттау.
Жауапты: Кобегенова А.Т. – «Наркобекет» ұйымының жетекшісі.



