«Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбындағы ауқымды конференция КМПА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл маңызды алаңда отандық және шетелдік мамандар бас қосып, өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Конференцияға колледж психологы К. Сүйінбек белсене қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға арналған мазмұнды мастер-класс өткізді. Мастер-класс барысында жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, психологиялық қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату және алдын алу жұмыстарының тиімді әдістері ұсынылды. Іс-шара барысында заманауи тәсілдер, интерактивті әдістер мен практикалық жаттығулар кеңінен қолданылып, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Бұл өз кезегінде тәжірибелік білімді арттырып қана қоймай, кәсіби дамуға үлкен серпін берді. Конференция – тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, жастардың денсаулығын қорғау жолындағы ортақ мақсатты біріктіретін маңызды қадам болды. Осындай беделді шараға қатысу – үлкен жетістік әрі жаңа белестерге бастар мүмкіндік!






