2026 жылдың 13 мамырында «Мейірбике ісі» бөлімінің 9/25 СД 109 тобының кураторы А.Ж. Халилова «Қауіпсіз ел. Жарқын болашақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты студенттердің бойында патриотизм, жауапкершілік, қоғам мен мемлекетке деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Тәрбие сағатында қауіпсіздік, бейбітшілік, ұлттық бірлік, құқық қорғау органдарының маңыздылығы және салауатты өмір салты мәселелері талқыланды.



