2026 жылдың 19 мамыр күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бітіруші топ студенттерімен «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің медициналық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шорманова Асель Қыстаубековна және бас медбике Назарбекова Гульмира Баймаханбетовнаның қатысуымен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында аурухананың қызметі, жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер мен еңбек жағдайлары таныстырылып, аурухананың тыныс тіршілігі жайында бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, бітіруші түлектерді мекемеге жұмысқа тарту мақсатында ашық пікір алмасу жүргізілді.


