Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттары

Бөлісу

Жастар еңбегі – ел дамуының қозғаушы күші.

«Достық» үйінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысына белсенді қатысып, елдік бастамаларға өз үлесін қосқан бір топ жас салтанатты түрде марапатталды. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттары табысталып, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігіне жоғары баға берілді. Жастар – бүгінгі күннің нақты қозғаушы күші. Олардың белсенділігі мен жауапкершілігі – Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.