21.05.2026 ж. «Емдеу ісі» бөлімінің 113ЕФ-9/25 топ кураторы Кобегенова А.Т. «Қауіпсіз ел – жарқын болашақ», «Жалған ақпарат пен радикалды идеологиядан сақ бол!» тақырыптарында студенттермен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру арқылы саналы, белсенді және ел болашағына үлес қосатын тұлға тәрбиелеу.



