#Жасампаздық және жаңашылдық айы# 2026 жылдың 20-21 ші мамыр күндері, жылдық жұмыс жоспарына сай «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі», «Репродуктивті денсаулық», «Селфхармның алдын алу» тақырыптарында қыздар жиналысы және түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Қыздар жиналысын тәрбие бөлімінің меңгерушісі: Ж.Н.Айдабосынова бастап, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, әдептілік пен адамгершілік қасиеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттерге ибалық пен инабаттылықтың қоғамдағы маңызы кеңінен айтылды.
ЖДО орталығының акушер-гинекологы: А.Б.Рустембекова қатысып, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, дұрыс өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар өздеріне қажетті пайдалы ақпарат алды.
ЖДО психологы: А.Т.Жаркинбекова эмоционалдық күйзелісті жеңу, психологиялық қолдау алу, қиын жағдайда жақындарымен және мамандармен ашық сөйлесудің маңызы айтылды. Студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау түсіндірілді.
Ұйымдастырушылар: Тәрбие бөлімі.
#ППЖ







